Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ербол Оспанов бұрынғы қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды

Ербол Оспанов бұрынғы қызметінен босатылып, жаңа қызметке тағайындалды
inbusiness.kz. Суретте: Ербол Оспанов
Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов бұрынғы қыметінен босатылып, денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы хабарлайды.

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазтеміржолкөлікжобалау» АҚ-да инженер болып бастады.

«Қазақстан темір жол көлігінің ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жоба жетекшісі, «Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да жетекші инженер-жобалаушысы болып қызмет атқарды.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар