"Қам неге ертерек жасалмады?": Әбдікәрімова су тасқынына кінәлілер жайлы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2024
- 486
Жұлдыз Әбдікәрімова су тасқынының неге алдын ала алмады деп ашуланды. Бұл оқиғадан кейін өзінің есенгіреп қалғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Елді жайлап жатқан су тасқыны да есеңгіретіп жіберді. Қаланы да, даланы да су алды. Жұрттың мазасы кетіп, мал қырылды, жолдарды шайып кетті. Қызыл судың қауіпін алдын ала болжап білмедік пе? Қам неге ертерек жасалмады? Бұл тасқыннан кейін біраз әкім жылы орнын суытатын сияқты.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл туралы ескертті. Жіті тексерістер болатындығын түйреп өтті. Ал президент жоғары шенділердің бірнешеуіне сөгіс жариялады. Табиғи апат айтып келмейді дейін десең, бұл жағдай біраз аудандарда жыл сайын қайталанады. Ауылдарды жайратып салғаннан кейінгі әрекеттің кімге керегі бар деген сұрақ жалғыз менде емес шығар", - деп жазды актриса.