"Әкем жаман адам, әйелге қол көтереді": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі қызының Салтанатқа жазған хатын көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2024
- 3.9k
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс- әйелі Назым Қаһарман оның сотта айтқан сөзін жоққа шығарды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Назым керісінше, Салтанатпен қарым-қатынастарының жақсы болғанын, екеуінің Whats'App арқылы сөйлескен хабарламаларын бөлісті.
Оның сөзінше, Салтанат Назымға балаларының өте тәрбиелі екенін айтқан екен. Бұған дәлел ретінде ол қызының Салтанатқа жазған хатын көрсеткен. Сондай-ақ ол 5 ай бұрын қайтыс болған Салтанатқа кішкентай қызының әлі хат жазатынын айтқан.
«Мен қатты сағынамын. Әкем жаман адам, әйелге қол көтереді, ұят. Жақсы көрем сізді», - деп жазған қызы Салтанатқа.
«Қайта-қайта балаларды айта береді. Оның үстіне мені Салтанатқа хат жазған депті. Бірақ ол өтірік», - дейді Назым Қаһарман.