Клегейлі тауық еті: фудблогер ауызашарға дәмі тіл үйірер ас мәзірін ұсынады
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2024
- 705
Рамазан айында ауызашарға тіл үйірер дәмді тағам жасағыңыз келсе, фудблогер Диана Есенбекова өзінің YouTube арнасында осы сияқты көптеген дәмді тағамдардың рецептісін ұсынады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сипаттамасы Асхана: Азия
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 15 минут
Дайын болу уақыты: 25 минут
Құрамы Тауықтың төс еті - қалауыңызға қарай
Паприка, тұз, дәмдеуіш - дәміне қарай
Сарымсақ - 1 тісше
Пияз - 1 дана
Қызыл тәтті бұрыш - 1-2 дана
Ұн - 1 ас қасық
Томат пастасы - 1 ас қасық 20% кілегей - дәміне қарай
Күріш - 1 кесе
Сұйық май - 2 ас қасық
Дайындалуы
1. Тауықтың төс етін ірі етіп тураймыз
Тауықтың төс етін ірі етіп турап, түбі терең ыдысқа саламыз. Үстінен паприка, тұз, дәмдеуіштерді дәміне қарай себеміз. Сосын бір тісше пияз қосып, жақсылап араластырамыз.
2. Пиязды тураймыз
Пиязды қабығынан аршып, екіге бөліп, ірі шаршы түрінде турап аламыз.
3. Болгар бұрышын тураймыз
Болгар бұрышын жуып, жіңішке бөліктерге бөлеміз. Сосын әр бөлікті ұсақтап, шаршы түрінде турап аламыз.
4. Тауық етін қуырып аламыз
Қызып тұрған табаға сұйық май құямыз. Сосын үстінен тауық етін салып, қызарып, әбден жұмсарып піскенше қуырып, пірісіп аламыз.
5. Табада көкөністерді қуырамыз
Табадан етті алып, сол табаға алдымен пиязды саламыз. Сосын тәтті қызыл бұрышты салып, жақсылап қуырамыз. Үстінен бір ас қасық томат пастасын салып, тағы да қызарғанша қуырамыз. Соңында ет пен бір ас қасық ұн салып, жақсылап қуырамыз. Үстіне 20 пайыздық кілегейді құйып, бұқтырамыз.
6. Күрішті пісіреміз
Қызып тұрған табаға өсімдік майын құйып, үстінен күрішті саламыз. Күрішті жақсылап қуырып, суын құямыз. Осылайша күріш пісіп, дайын болып шығады.
7. Дайын тағамды дастарханға ұсынамыз
Күрішті салқын сумен шайылған кесенің ішіне салып, тәрелкенің ортасына саламыз. Маңайына кілегейге піскен етті салып шығамыз. Дәмді тағамның үстіне көк жуа немесе аскөкті сеуіп, тағамның дәмін келтіреміз. Осылайша, тез әрі оңай дайындалатын кешкі ас тағамы дайын болады.