Астана мен 11 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 сәуір, 2024
- 449
Астана мен басқа 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ хабарлайды.
4 сәуір күні түнде және таңертең Астанада, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Ал Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман күтіледі. 04 сәуірде түннің бірінші жартысында Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының шығысында, таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.