Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жолдасым қарсы": Ерке Есмахан "су тасқынында үндемей отырсыңдар" деп сынағандарға жауап берді

"Жолдасым қарсы": Ерке Есмахан "су тасқынында үндемей отырсыңдар" деп сынағандарға жауап берді
Голос народа. Суретте: Ерке Есмахан
Күйеуі бұл жайлы жазуға түбегейлі қарсы екен.

Эстрада жұлдызы İnstagram әлеуметтік желідегу парақшасына "су тасқынынан зардап шеккендерге көмектеспейсіңдер" деп сынағандарға жауап берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Чек көрсетіп, жариялап айтуға жолдасым қарсы. Отбасы болғалы жасаған қаншама үлкен-кіші қайырымды істерімізді айтқызбады. Әрі қарай да жазбайсың деген шарт қойды. Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны деген ұстанымда.

Жазғым-ақ келеді. Себебі сіздер қол қусырып қарап отыр деп ойламасын дегендей.  Онымен жолдасымның түсінігі осындай. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін! Біз де дәл сіздердей халықпыз. Мүмкін келесі жылы мемлекетіміз мұндай жағдайларға алдын ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын!», – деп жазды әнші. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар