Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Анаңа сені сүймейтінімді, аяйтынымды айтқан жоқпын": сотта Нүкенованың хаты оқылды

"Анаңа сені сүймейтінімді, аяйтынымды айтқан жоқпын": сотта Нүкенованың хаты оқылды
Коллаж: alash.kz. Суретте: Бишімбаев, Нүкенова
Прокурор 10 желтоқсан 2023 жылы жазылған заметканы оқыды.

Бүгінгі сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенованың хатын оқыды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Мен анаңа сені сүймейтінімді, аяйтынымды айтқан жоқпын... бірақ ол ажырасқанымызды қалады. Өйткені сен оларды қорқытып жатырсың. Балалар да бәрін көрді. Бәріне сендің, бірақ «кеткеніме өкінемін» дегеніме сенбедің. Күйзелісте болдым. Бір күні адам сияқты ұйықтайын деп едім... Мен некеде емеспін, қорғана да алмаймын, бәріне жаман көріндім. Реніштер үшін кешірім сұрадым, бірақ менен құтылуды қаладың, ол да нәтиже бермеді. Енді мен сенен құтыламын...»,  - деп оқыды прокурор.

Айта кетейік, сот отырысы Нүкенованың телефонындағы «заметкадағы» сақталған жазбаларын оқумен басталған. Салтанат Нүкенованың телефонында 40-тан астам «заметкаға» жазған хаты бар екен. Прокурор 10 желтоқсан 2023 жылы жазылған заметканы оқыды.

«Қуандық, мен Павлодарға кетем, сосын келмеймін. Саған деген сезімімнің қалмағанын түсіндім. Ештеңені сақтап қалғым келмейді. Сен көзіме шөп салғаның үшін кешірім де сұрамадың. Психотеравтке бар дедің. Ұмыт, мені кешір, мені жайыма қой. Мен ата-анамның жанында болам», -деп жазған Салтанат.

Қорғаушылардың бірі Бишімбаевқа көзіне шөп салған мен терапевт жайлы айтқан сөзді түсіндіруін сұрады. Бишімбаев бұл жазбасын көрмегенін айтты.

«Бірінші рет естіп тұрмын. Психотерапевтке келетін болсақ, мен үнемі оған консультация ал деп айтатынмын» деген ол Салтанаттың видеоқоңырауларына жауап бермегені үшін «көзіне шөп салғанын ойлады» деп ақталды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар