Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Яндекс таксидің» комиссиясы төмендейтін болды ма?

«Яндекс таксидің» комиссиясы төмендейтін болды ма?
Yandex Maps
Бірақ, тариф қаншалықты қымбат болғанымен, тапқаны толық қалтасына түспейді.

Депутаттар такси қызметін ұсынатын компаниялардың тарифін төмендетіп, тіпті тапсырыс үшін шекті баға белгілеуді ұсынып отыр. Пікірлерінше, олардың комиссиясын тапсырыс құнының 5-7 пайызы көлемінде бекіту қажет. Болмаса, әр тапсырыс үшін 50 теңге мен 70 теңге аралығындағы шекті сома төленуі шарт, деп жазады Informburo31-ге сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Бұл тәртіп нарықты жеке дара билеп отырған «Яндекс.Такси» мен өзге де ірілі-ұсақты компанияларға қатысты болмақ. Себебі, күн райына қарай құбылатын баға жиі әлеуметтік шиеленістерге әкеп соғады деді депутат Ислам Сұңқар. Ал, такси қызметінің құны бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 73-ші орында тұр. Яғни, 1 шақырымға шаққандағы құны 0,67 долларды құрайды. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Ал, «Яндекс.Таксиде» жүргізуші боп жұмыс істейтін 200 мыңнан астам адамның тек 50 мыңы ғана бұл қызметті негізгі табыс ретінде көреді. Қалған 150 мың кісі қосымша кіріс есебінде қарайды. Демек, мыңдаған қазақстандық айлық табысы жетпегендіктен жолаушы тасымалдауға мәжбүр.

Бірақ, тариф қаншалықты қымбат болғанымен, тапқаны толық қалтасына түспейді. Яғни, жолаушы үшін де, жүргізуші үшін де тиімсіз. Өйткені, комиссиядан бөлек, көлікті күтіп-ұстауға да қаражат қажет. Бұл тізім бензині, жууы, автокөліктің табиғи тозуы деп жалғасып кете береді. Сөйтіп, мың теңгенің тапсырысын орындаған түбінде такси жүргізушісіне шамамен 300-400 теңге қалады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар