5 балалы келіншек үшем туатынын естігенде қатты қобалжығанын жасырмады.
Түркістандық 40 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бәйдібек ауданының тұрғыны, 40 жастағы көпбалалы ана Жансауле Доспанова 3 ұл бала дүниеге әкелді. Мерзімінен бұрын туған перзенттердің жағдайы қалыпты. Нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан да ерекше күтім жасалған.
Үш ұлға туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман деп ат қойды.
Жансауле Доспанова үшем босанатынын алғаш естіген кезде қатты қобалжығанын жасырмады.
"Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынымды естігенде басқаша сезімде болдым. Жалпы, 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламағанбыз", – дейді ол.