Егіздің қауіпсіздігі мақсатында Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.
Су тасқынының астында қалған Атырау облысы Құлсары қаласында егіз дүниеге келді, деп жазады Атырау облысы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Егіз Құлсары қаласындағы Жылыой аудандық орталық аурухансында дүниеге келген. Кейін нәрестелердің қауіпсіздігі үшін жедел жәрдем көлігімен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілген.
«Қазір нәрестелердің жағдайы бірқалыпты. Егіз ұл — жас отбасының төртінші және бесінші баласы. Сәбилердің бойы — 52 см. Екеуінің салмағы бірдей емес. Біреуінің салмағы — 3500, екіншісінің салмағы — 3350 грамм»,- делінген хабарламада.
Келесі мақала