Су тасқыны: 72 мыңнан астам адам эвакуацияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 сәуір, 2024
- 759
Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 72 029 адам эвакуацияланған. Олардың 16 078 балалар қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 14 368 адам, оның ішінде 7 255 бала орналасты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Төтенше жағдайлар, Қорғаныс мининистрлігі және Ұлттық ұланның 7 әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. "7,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 952 мыңнан астам қапшық және 976 мыңнан астам тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарында 12 445 адам, 1300-ге жуық техника, 7 әуе кемелері жұмылдырылды", - делінген хабарда.
Сонымен қатар Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула аумағы және 1822 саяжай үйлері су астында қалған.