Елімізде келесі жылы Beeline Kcell, Tele2 мен Altel қымбаттайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:50
- 1
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте байланыс операторларының өкілдері тарифтердің қымбаттауына қатысты жоспарларымен бөлісті.
Beeline компаниясының бас атқарушы директоры Джаббор Каюмовтың айтуынша, оператор биыл кейбір тарифтердің бағасын 10%-ға көтеруді жоспарлап отыр.
Kcell компаниясының атқарушы директоры Асқар Жамбакин тарифтерді 10–12% аралығында қайта қарауы мүмкін екенін айтты.
Ал Mobile Telecom-Service компаниясының басқарма төрағасы Александр Бабичев Tele2 мен Altel брендтеріндегі кейбір тарифтердің құны 2027 жылы 10–15%-ға көтерілуі мүмкін екенін атап өтті.
Компания өкілдері тарифтердің қымбаттауын телекоммуникация инфрақұрылымына жұмсалатын инвестиция көлемімен байланыстырады.
Компания өкілдері тариф құнының өсуі инфрақұрылымды жаңартуға және желінің сапасын жақсартуға бағытталатынын мәлімдеді.



