Басты жаңалықтар
"Жылы сөздерің керек": Әуелбекова баласы үшін өмір сүретін ата-аналарға ақыл айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 сәуір, 2024
- 666
Әнші балаға ақшадан бұрын махаббат керек деген пікірде.
Эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова ата-аналарға балаларына уақыт бөлуге шақырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Бәрі арпалысып, дүниедегі бар ақшаны табу үшін қарбаласып жүр. Міндетті түрде кідіріп үйреніңіздер. Өйткені балаң бар ғой ертең тез-ақ өсіп кетеді. Ол қайтып келмейді. Ол сенің құшағыңа, махаббатыңа толып үлгеру керек.
Иә, түсінікті, сен баланың қамымен жүрсің. Тамағы, киімі жетсін деп, бірақ оған ол маңызды емес қой. Балаға бала кезінде сен керексің, сенің махаббатың керек, сезім керек, жылы сөздерің керек, - деді танымал әнші.