Қазақстандағы су тасқынына алғаш боп ТҮРКСОЙ ұйымы қаржылай көмек көрсетеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 7 сәуір, 2024
- 761
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдады, деп жазады ұйымның Баспасөз хатшысына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
"Құрметті бір туғандарым, құрметті бауырластарым! Бүгінде Қазақстан басынан қиын- қыстау күндер өткеруде. Қазақстанның солтүстік облыстарының біраз жерін су басып, халықтың тұрмыс-тіршілігіне ауыртпалық әкелді. Қазақстан экономикасы үлкен салмақ түсті. Осындай жағдайда халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы сіздермен бірге екенін білдірміз келеді. Қайғыларыңызды бөлісуге әрқашан дайын екенімізді хабарлаймыз. ТҮРКСОЙ ұйымы атынан, сондай-ақ ұйымға мүше 14 мемлекеттің атынан Сіздерге күш-қуат және сабырлық тілейміз. Жақсы күндер әлі алда", - деді Раев.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның 10-ға жуық облысында су тасқыны боп, 70 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Қазақстанның Бас прокуратурасының мәлімдемесіне сүйенсек, күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалады.