Kaspi.kz су тасқынынан зардап шеккендерге тағы да ақша бөлді
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 сәуір, 2024
- 407
Бүгін Kaspi.kz қосымша су тасқынынан зардап шеккендерге тағы 500 миллион теңге бөлді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қаражат Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қорына жолдарды жөндеуге, құтқару тікұшақтарының жұмысын қамтамасыз етуге, генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жіберіледі.
«Мен су тасқынынан зардап шеккен аудандарда жүрмін. Апаттың ауқымын көріп отырмын. Біз су тасқынынан зардап шеккен барлық аймақтарға техника ұсынған жалғыз қормыз. Бізге генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар, үлкен моторлы қайықтар, қолшамдар, күректер, қаптар керек. Олардың біраз бөлігін сатып алдық, қалған техниканы бізге қарызға берді. Біз бұл қаражаттың дәл қазір қажет екенін түсініп, Kaspi.kz-тен тағы да қосымша көмек сұрадық. Алынған заттардың ақысын төлеу үшін бізге 500 миллион теңге қажет болды. Әрбір қазақстандыққа қайырымдылықтарыңыз үшін және Kaspi.kz бізбен үнемі байланыста болып, барлық қажетті көмекті көрсетіп жатқаны үшін алғыс айтамыз. Бұл көмекке баға жетпейді, мұның арқасында біз зардап шеккен отбасыларға көмекті жалғастыра аламыз!», - деді Biz Birgemiz Qazaqstan ҚҚ төрағасы Перизат Қайрат.