Айт намазының уақыт кестесі шықты.
Биыл 11 наурызда басталған қасиетті Рамазан айы 9 сәуірде аяқталады. Ал 10 сәуір – Ораза айттың бірінші күні. Осы жылы мейрам аптаның сәрсенбісіне түсіп тұр.
Айт мейрамы үш күн тойланады. Бұл күндері елімізде ресми демалыс жоқ.
"Айт" сөзі – "мерекелеу", "хал сұрасу", "бір-бірін қуанту" деген мағынаны білдіреді.
Айттың алғашқы күні мешіттерде жамағатпен айт намазы оқылады. Әр мұсылман айт намазына жуынып-шайынып, дәрет алып, ең әдемі әрі таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп барады. Сонымен қатар, мешітке бармас бұрын бір-екі құрма жеп, дәм ауыз тиген абзал. Бұл оразаның аяқталғанының белгісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша мешіттерде оқылатын айт намазының кестесін жариялады.
Айт намазының кестесі: