Қоғам
"Балалық шағым өткен": Құлсарыдағы су басқан үйін көрген Жанболат көз жасына ерік берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2024
- 3.6k
Айтуынша, балалық шағы осы үйде өткен.
«Өнер қырандары» театрының актері Жанболат Найзабеков үйінің суға кеткенін көріп, көз жасына ерік берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жанболат Құлсары қаласында дүниеге келген. Өнер иесі әлеуметтік желіде үйінің қазіргі видеосын салып, жылап жіберді.
Балалық шағымның өткен жері ғой. Қара шаңырақ. Жүрек ауырады… Алла сабыр берші», — деді ол видеода.