Жаңбыр, дауыл, су деңгейінің көтерілуі: 10 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- автор kyn.kz
- 9 сәуір, 2024
- 982
Астанада 10 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысы Журавлевка ауылында Бақсұқ өзенінің гидрологиялық бекетінде мұз жүру әсерінен су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі қауіпті деңгейден 48 см асты (қауіпті деңгей – 690 см) су нысанының күйі – бекеттен жоғары және төмен мұз кептелісі, мұздың жүруі.
Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуінен өзендегі судың деңгейі көтерілді. "Мұз құбылыстарының әсерінен (мұз жұру, мұз кептелісі) су деңгейінің одан әрі көтерілуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да судың жайылуы байқалмады. Қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады", - синоптиктер болжамында.
Қалқұтан ауылы маңындағы Қалқұтан өзенінің гидрологиялық бекетінде мұз жүру әсерінен су деңгейінің көтерілуі жалғасуда. Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі қауіпті деңгейден 1 см асты, су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылысы жоқ (тазартылды). Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуінен өзендегі судың деңгейі көтерілді.
10 сәуірде Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 9-10 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар су жайылып, су басуы мүмкін.
10 сәуірде Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. "Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады", - делінген хабарламада. Ертең Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жауын-шашын болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар автожолдардың, тұрғын елді мекендердің және шаруашылық құрылыстарда су жайылуы, су басуы мүмкін.
10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ертең күндіз кей уақыттарда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Орал қаласында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Сәрсенбі Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанды.
10-12 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты еріген қар ағынының қарқынды қалыптасуы, сонымен қатар облыстың солтүстігі мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Су деңгейінің қауіпті деңгейден асып кетуі және өзен жағасынан шығуы мүмкін. Бұл ретте автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды судың жайылуы және су басу қаупі бар.
Ертең Ақтөбе облысының шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Семей қаласында 10 сәуірде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Өскемен қаласында да жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады. Сәрсенбіде Павлодар облысында жаңбыр, түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады. 10 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қарағанды қаласында жаңбыр күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.