Тасқын судан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысында да Сібір жарасы таралуы мүмкін деген қауіп бар, деп хабарлады КТК телеарнасына сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Себебі жұқпалы аурудан арам қатқан малдың 14 қорымын су шайып кетті деген ақпарат тарады. Дегенмен оны құзырлы органдар бұл мәліметті ішінара жоққа шығарып отыр. Су астында тек осындай өлексе көмілген үш қорым қалған.
Алдын ала есеп бойынша, өңірде суға кеткен 219 ірі қара, мың жарымнан астам ұсақ мал мен 97 шошқа және жүзге тарта тауық арам қатқан.
Телеарнаның хабарлауынша, инфекция таралмау үшін тасқын болған жерлерден ветеринарлар өлекселерді жинап алып көзін жоюды бастаған. Енді тұрғындар су шайған қорымдардан Сібір жарасы тарай ма деп қорқады. Дегенмен ветеринария басқармасындағылар ондай қауіптің жоқ екенін айтады.
Жалпы Сібір көмінділері біздің облыста 222. Соның 34-і Сырым ауданында. Осның үшеуін Өлеңті ауданыда Жымпиты кеше суға кеткен кезде су басқан. Бірақ қазір су басылды. Еш қауіп жоқ. Тиісті ветеринарлық шаралар іске асырылып жатыр, - дейді БҚО Ветеринария басқармасы басшысының орныбасары Абзал Бірәлиев.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024