Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте өгей әкесі асырап алған қызын зорлап, өзгелерге ақшаға сатқан

Шымкентте өгей әкесі асырап алған қызын зорлап, өзгелерге ақшаға сатқан
Depositphotos.com / VitalikRadko
Қызды ұрып-соққан әке полицейлермен келісіп, қашып кеткен кездерде жасөспірімді полицейлерден сатып алып қайтарып отырған.

Шымкентте ер адам өгей қызын зорлап, ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Шымкенттегі дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова мәлім еткен. 

Дағдарыс орталығына көмек сұрап келетін қыз балалар өте көп. Соның бірі 10 жыл бойы өгей әкесінен зорлап, құлдықта ұстаған Керім есімді бойжеткен.

«Біздің орталықта әкесі құлдықта ұстаған қыз бар. Керім (аты өзгертілген — еск.) — асырап алынған қыз. Оны ерлі-зайыпты асырап алған. Асырап алған әйел қайтыс болғанға дейін бәрі жақсы болған. Әйелі қайтыс болғаннан кейін күйеуі асырап алған қызын жиі ұра бастаған. Біраз уақыттан кейін ол оны күн сайын зорлай бастаған. Тіпті қызды сыртқа шығармаған. Кейін ішімдік пен тағам үшін оны таныстарына сата бастаған. Қыз бірнеше рет қашып, полицияға жүгінген. Олар әкесіне қыздың қайда екенін хабарлап отырған, осылайша ол қызды полицейлерден сатып алып, қайтадан үйіне алып кетіп отырған», — деді ол.

Орталық басшысы қызды оның көршісі құтқарғанын айтады.

«Керімді әкесіне қайтарған полицейлер жұмыстан қуылды. Әкесі арқасынан етікпен ұрғандықтан, оның иығы қисайған. Бұл қыздың тыныс алуын қиындатып отыр. Біз квота арқылы операция жасауға тырысамыз», — деді орталықтың директоры.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар