Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қиын-қыстау, қилы заманда" сөздерімен танылған әнінің авторы халықтан кешірім сұрады

"Қиын-қыстау, қилы заманда" сөздерімен танылған әнінің авторы халықтан кешірім сұрады
Инстаграм
Су тасқынындағы видеолардың көпшілігіне қойылған ән халықты мезі еткен.

"Біз біргеміз" әнін Ибраһи Ескендір орындайды. Сөзін белгілі айтыскер ақын Сырым Әуезхан жазған. Ол су басқан аймақта халықпен кездесіп тұрып, өзі жазған сөздерге жұрттың ренжулі екенін көрген. Көпшілік су тасқынынан тараған әндерге осы  әнді қолданған. Ақынның өзі болса сол үшін халықтан кешірім сұрап, енді елдің еңсесін көтеретін әндер жазуға ниетті екенін айтты. 

"Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар", - деді Сырым Әуезхан.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар