Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сотта Байжанов: Салтанаттың беті көгеріп жүргенін бірнеше рет көрдім

Сотта Байжанов: Салтанаттың беті көгеріп жүргенін бірнеше рет көрдім
Жоғарғы сот
Байжанов бұған дейін де Бишімбаевтың тапсырмасымен олар төбелескен жерлердің видеосын өшірткенін айтты.

Сотта Бақытжан Байжанов Салтанаттың туыстарынан кешірім сұрады. Сөзінше Бишімбаев пен әйелінің арасында мұндай төбелестер жиі болатынын . Ол бұл жағдайға дейін де ағасы мен жеңгесі төбелескен жердің видеосын өшірткен екен.

"Мен ешқандай да қылмыстың ізін жасыруға тырысқан емеспін. ия, Бишімбаев маған видео таспаларды өшіруге бұйырды. Мен оны мейрамхана әкімшісіне тапсырдым. Егер ол жерде  қылмыстың ізін жасыру болса мен оны ешкімге  тапсырмастан, өзім өшіретін едім. Бұған дейін де Бишімбаев пен Нүкенованың арасында төбелес болған. Бір күннен кейін Бишімбаевтың тапсырмасымен сол тұрғын үй кешеніне барып, Гүлмира есімді  әйелге өтініш жасап, сол видеоны өшірткен болатынмын. Гүлмира қазір оны мойындамай отыр. Бірақ ол да өз жұмысына кедергі болмасын деген шығар. Бірақ, зерттесе ең құрығанда өшірілген видеоларды көруге болады",-деді сотта Бақытжан Байжанов.

Бақытжан Байжанов ағасы Қуандық Бишімбаевтың  оқыған, жоғары лауазымда қызмет еткенін ескере отырып өз әйелін өлтіруге барады деп еш ойламағанын айтты.

"Олардың арасында жиі ұрыс-керіс, төбелес болатын. Менің тәрбием жібермегендіктен өзімнен үлкен ағама қарап үйретіп, қарсы сөйлемейтінмін. Сонымен қоймай, Салтанаттың ағасы Айтбек пен Бишімбаев арасында төбелес болғанын білемін. Себеп Бишімбаев Салтанатты ұрған. Телефонды фитнес орталыққа алып барғаным, Бишімбаев сондай кикілжіңнен қашып тұрған шығар" деп болжадым",-дейді  Байжанов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар