Қоғам
Атасы күдікке ілінді: Өскеменде 7 жасар бала қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 сәуір, 2024
- 11.1k
Ер адамның немересіне бірнеше рет пышақ сұққаны айтылған.
Өскемен қаласында зейнеткер 7 жасар немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазады KAZINFORM-ға сілтеме жасай отырып KYN.KZ тілшісі.
Ер адамның немересіне бірнеше рет пышақ сұққаны айтылған. Ауыр жараланған 7 жасар бала сол жерде көз жұмған.
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растап, күдіктінің ұсталғанын жеткізді.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Айғақты заттар алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жай анықталуда, - деді департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова.
Оның айтуынша, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды.
Келесі мақала