Басты жаңалықтар
Байжанов: Бишімбаев "мен айтқандай айтпасаң сені қарғаймын" деп қорқытты
- автор kyn.kz
- 11 сәуір, 2024
- 952
Байжанов сотта тергеуге қатысты Бишімбаевтан қандай қысым көргенін айтты
Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты істе оның көмекші інісі бірнеше жайтпен бөлісті. Бұған дейін ол соттан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұраған еді. Адвокаттар Байжановтан оның себебін ашып айтуды сұрады.
"Бишімбаев маған түрлі қысымдар жасап жатыр деп айтқаным рас. Ол маған "жедел жәрдемге бірге хабарластық деп айт" деп отыр. Олай болмаған жағдайда "Сені, балаларыңды қарғаймын. Менің басымдағы жағдай сенің немесе балаларыңның басына келсін деп қарғаймын" деді. Сол себепті соттан көмек сұрадым",-деді Байжанов.