"Әлеуметтік желіге салсам, ұрсады": Толқын Забирова өзінен 14 жас үлкен күйеуі жайлы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 сәуір, 2024
- 12.4k
Әнші Толқын Забирова «Мамский әңгіме» подкастында күйеуімен таныстығы жайлы әңгімеледі, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Жолдасы көпшілік алдына шығуды аса ұната бермейді екен. Десе де өнерден алыс емес жұбайы оны бірнеше жыл бұрын өнерде жүрген ерлі-зайыптылардан бағдарлама жасап, қонақ қылған.
"Сафар ондайларға мүлдем қатыспайды. Осы уақытқа дейін сондай. Арасында бір жерде демалып желіге салсам, ұрсады. "Неге шығарасың" деп ренжиді. Бірақ медиа бағытында жұмыс істеген адамның бірі, қазақтың шоу-бизнесін көтерген деп айтар едім.
Ол менің бағыма келген азамат деп ойлаймын. Өйткені әр нәрсенің өз жолы болады. Ол кезде "Тамаша" деген бағдарламаның айқайлап тұрған кезі еді. Мен 24 жастамын. Сол уақытта "Тамаша" бір гастрольге бармақ болады. Оны менің жолдасым ұйымдастырады. Әртістер бар, әншілер жоқ. Сонымен әншілерді іздеп жүріп, маған тап болады. Досы оған Бақыт Шадаева мен менің нөмірімді берген. Бақытқа хабарласса, ол біреумен сөйлесіп жатыр екен. Ал менің телефоным бос болды. Мен тұрған үйде кешкі сағат оннан кейін ешкім ешкіммен телефон арқылы сөйлеспейді. Ал Сафар маған түнгі 11:30-да қоңырау шалды. Ол хабарласқанда қатты таңғалдым. Өйткені ол әртістер үшін аңызға айналған адам болды. Аты шыққан жұлдыздармен жұмыс істеді. Оны сырттан жақсы танитынмын. Оның ұсынысын қуана қабылдадым. Ол кезде қарыздарым бар еді. Өнер көрсетсем гонорар түсіп, қарыздарымнан құтыламын деп ойладым. Ертесіне таңғы жетіде алып кетті. Сол сапарда маған көзі түсіпті. Екеумізге ұшаққа билет жетпей қалды. Мені мейрамханаға шақырды. Мен қатты ұялып қалдым. Мен оны үлкен кісідей көрдім. Арамыз 14 жас болды", - деді әнші.