Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ана қыз нашақор болып бітті": сарағаштық әйел дәріханада психотропты дәрілер еркін сатылып жатқанын айтты

"Ана қыз нашақор болып бітті": сарағаштық әйел дәріханада психотропты дәрілер еркін сатылып жатқанын айтты
Видеодан скриншот.
Ол дәріхананың нақты мекен жайы мен дәріні тұтынатындарды көрсетті

Түркістанда белгісіз қоғам белсендісі дәріханадан "психикалық дәрі сатып алып жатыр" деп түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеоны заңгер Ләззат Ракышева өзінің İnstagram-парақшасында жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Видео авторы дәрі сатып алып жатқан ер адамды да, жанындағы делдалды да жақсы танитынын айтады. Сөзінше, психикалық ауытқуы барларға арналған дәріні сатып алып, басқа мақсатпен пайдаланады екен. 

"Міне осы балдар психотропный таблетка алып береді. Көшеде сатады. Ана жерде қыз отыр аялдамада күтіп. Түрі не боп кеткен қарасай барып. Өзіңнің де қызын бар шығар. Ана қыздың түрін қарасай аялдамада отқан. Ұялмайсың ба?", - дейді видеода. 

Ләззат Ракышеваның ақпаратынша, аптеканың аты "AZAT PHARM". Аптека Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан. 


 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар