Оқиға 11 сәуірде сағат 20:20 шамасында болған.
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында жерасты газ цистернасы жарылып, жанармай құю бекеті өртенді, – деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 11 сәуірде сағат 20:20 шамасында болған. Газ құю станциясынан 50 метр жерде жерасты газ цистернасы жарылған.
"Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Ойыл аудандық полициясының қызметкерлері барды. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Қосымша төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері келді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оқиғаның себептерін анықтау үшін тексеру жүргізеді", - делінген хабарламада.
Келесі мақала