Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында 2 балуанымыз алтын медаль үшін күреспек

Қырғызстанда өтіп жатқан Азия чемпионатында 2 балуанымыз алтын медаль үшін күреспек
BasSport.kz. Суретте: Азамат Дәулетбеков
Алда Дәулетбеков ақтық сында Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі.

Асыл Айтақын мен Азамат Дәулетбеков Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатының финалына өтті, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

61 келі cалмақта бақ сынап жатқан Асыл Айтақын жартылай финалда Акаш Дахияны (Үндістан) 11:0 есебімен жеңді. Финалда ол қырғызстандық Тайырбек Жұмашбекұлымен кездеседі.  Азамат Дәулетбеков (86 кг) болса, жартылай финалда қытайлық балуан Пейлон Лиді 11:0 есебімен жеңді. 

Алда Дәулетбеков ақтық сында Өзбекстан өкілі Жабраил Шапиевпен белдеседі. Жеңетін болса, Азияның үш дүркін чемпионы атанады.  

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Қазақстан құрамасының қоржынына 2 жүлде түсті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар