"Сол күні ол "Бақытжан, мен адам өлтірдім" деді": сотта Байжанов Бишімбаевты "кісі өлтіруші" деп атады
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 сәуір, 2024
- 919
Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев сотта екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтың қысымынан кейін жалған куәлік бергенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бишімбаев мүсәтір спирті мен жара таңғыш бинтті Байжановтың әкеліп бергенін айтты.
"Салтанаттың аузы мен мұрнына мүсәтір спиртін иіскетіп жатқанымды өз көзімен көрді. Содан кейін ол жедел жәрдем шақыруды ұсынды", - деді Бишімбаев.
Судья Бишімбаевтың бұрынғы берген куәліктерін алға тартып, «сонда бұған дейін жалған куәлік бердің бе?» деп сұрады.
"Айыпталушы Бишімбаев, бір минут. Жауап алу кезінде сіз мүсәтір спиртін әкелген соң оны бірінші өзіңіз иіскеп, сосын жәбірленушіге иіскеткеніңізді айтқан болатынсыз. Сонда өтірік айттыңыз ба?” – деп сұрады Көлбаева.
Бишімбаев болса, Байжановтың мүсәтір спиртін әкелгенін. Қысым көрсеткен соң ғана барып, жалған ақпарат беруге мәжбүр болғанын жеткізді. Бишімбаевтың адвокаты болса, Бишімбаевтың Байжановқа қаржылай тәуелді болғанын айтты.
Сондай-ақ сот отырысында Байжанов ашуға булығып, Бишімбаевтың қатты өзгеріп кеткенін айтты.
“Ол адам өлтірді. Ол жолы басқа Бишімбаев еді. Ал қазір мүлде басқа Бишімбаев. Ол жылап, Бақытжан мен адам өлтірдім, қолмен істегенді мойныммен көтеремін деп айтқан еді. Ата-анамның, балаларымның бетіне қалай қараймын, өлемін деп айтты”, - деді Байжанов.