Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Су тасқынына байланысты 5 облыста жол жабылды

Су тасқынына байланысты 5 облыста жол жабылды
Sputnik / Виталий Аньков
Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы су тасқынына қатысты жағдай бойынша мәлімет берді.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 жол учаскесінде (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылған.

– 17 сәуірдегі сағат 08:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7575 метр болатын су тасқыны орын алды, – делінген хабарламада.

Қазір республикалық жолдарда 356 бірлік техника мен 438 адам жұмылдырылған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар