Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Салтанат ескі жарақатынан көз жұмды»: Бишімбаевтар Ресейде жасатқан сараптама істен алынып тасталды

«Салтанат ескі жарақатынан көз жұмды»: Бишімбаевтар Ресейде жасатқан сараптама істен алынып тасталды
Жоғарғы сот
Ресейлік эксперттер сотқа "Салтанат ескі жарақаттың салдарынан мерт болды" деген қорытынды жасап берген болатын.

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр,деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Судья Айжан Құлбаева бүгін Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары өздері жасатқан сот медициналық сараптаманың (Ресей мамандары мен Қазақстан мамандары Тілемісовтың) істе қалдыру-қалдырмау мәселесі жөнінде қаулы қабылдады. Сот қаулысымен сараптама қорытындыларын іске тіркеу жөніндегі өтініш қанағаттандырылмады. Судья сараптама жасау жөніндегі сотқа уақтылы хабар берілмегенін ескертті, сараптама заңды бұза отырып жасалғанын айтты.

Прокурордың өтініші

Еске сала кетейік, 16 сәуір күнгі сотта дәл осы мәселе қаралған. Қуандық Бишімбаев тарапы өз бастамаларымен Мәскеуде жеке сот медициналық сараптама жасатқан. Прокурор Айжан Аймағанова оны істен мүлде алып тастау жөнінде судья Айжан Құлбаеваға өтініш жолдады. Аймағанованың сөзінше, Бишімбаев тарапынан басқа жеке сараптама жасалып жатқанынан құзырлы органдар хабарсыз болған. Ал ол сараптама қорытындысы өтірік болып шыққан жағдайда Ресей азаматтарын ешқандай жауапкершілікке тарту мүмкін емес. Прокурордың бұл өтініші жәбірленуші тарапы да қолдады.

Ресей мамандарының қорытындысы

Бишімбаев сотында Ресей мамандарының сот медициналық сараптамасы оқылды. Сотталушының адвокаттары оған сүйене отырып, Салтанат Нүкенованың басынан қан кетуінің себебі өлімнен 3-4 апта бұрын пайда болған жарақат болуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл қорытынды бұрын айтылған қазақстандық сарапшылардың тұжырымдарына қайшы келеді.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар