Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

50 жасын перғауын образында тойлаған жаңаөзендік көпшіліктің талқысына түсті (видео)

50 жасын перғауын образында тойлаған жаңаөзендік көпшіліктің талқысына түсті (видео)
скрин видео.
Мерейтойдың қонақтары да ежелгі мысыр халқының киімдерімен келген.

Желіде "Темірәлі ағамыздың туған күні" деген атаумен тараған видео көпшілікті елең еткізді. Онда ер адам перғауын киімімен той ортасына тақпен шыққан, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

 Той қонақтары дастархан басына жайғасқан сәтте жиынның себепшісі 8 жігіттің жеткізуімен темір таққа жайғасқан күйі ортаға шығады. Қонақтар таңырқап қалған. Темірәлі есімді 50 жасқа толған азамат  "қызметшілерінің" көмегімен ортаны бір айланып, дастарханға жайғасуға бет алады. Ерекше туған күннен тараған видеоны көргендер түрлі пікірлерін жазған. 

"Ел сумен алысып, қайғырып жатқанда ересек азаматтың бұл әрекеті жарамады", " Ата болар жасында мынау не қылық?", "Ешкімге зияны жоқ. Өзі қалапты, жасады. Онда тұрған не бар?", "Еш әбестік көріп тұрғаным жоқ" деген сынды көптеген пікірлер жазылған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар