Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендердің жазасы жұмсартыла ма?

Алкогольді ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендердің жазасы жұмсартыла ма?
envirotecmagazine.com. Суретте: жүргізуші
Депутаттар ішкі істер министрлігінен көлікті мас күйінде басқарғандарға жазаны жұмсартуды сұрағанымен, бас тартылды.

Мәжілісмен Николай Арсутин мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаға тартылған қазақстандықтардың көптеген өтініштеріне тоқталды. Қазіргі уақытта бұл құқық бұзушылық үшін жаза 15 тәулікке қамауға алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру. Депутат бұл тым қатал жаза деп есептейді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Бізге хабарласқан азаматтар жеті жылдық кезең өте ұзақ уақыт екенін айтады. Көптеген отбасылардың бірнеше несиелері бар және негізгі табыс көзі көлік жүргізу. Аталған азаматтар әрекет бірінші рет жасалса, әкімшілік қамауға алу және ірі көлемде айыппұл салу, ал егер қайталанса ғана көлік жүргізу құқығынан айыруды ұсынып отыр»,- деді Николай Арсутин.

Алайда Orda.kz мәліметінше, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха онымен келіспеді. Ол статистикалық мәліметтермен бөлісті – жыл сайын ел жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 500-ге жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 100-ге жуық адМасам қаза тауып, 600-дей адам түрлі дәрежедегі жарақат алады. 2018-2023 жылдар аралығындағы алты жыл ішінде көлікті мас күйінде басқарған 148 мың оқиға анықталды. 2023 жылы мұндай 22 мың факті болған.

«Бұл шара өте қажет және оны қайта қараудың қажеті жоқ. Менің ойымша, бұл жерде үш негіз бар. Біріншіден, егер адам ішімдік ішпесе және көлік жүргізбесе, онда оған қандай санкция бар екені маңызды емес. Екіншіден, біз куәлігінен айырылған жүргізушілер туралы айтып отырмыз. Мас жүргізушінің кесірінен қаза тапқандардың отбасынан сұрасақ? Үшіншіден, кім және қанша өтініш беретінін біз де талдаймыз, айтқым келгені қазір көп жағынан әртүрлі технологиялар дамыған. Негізі мұндай адамдар онша көп емес, мұны бір адамдар істеп жатыр»,- деп жауап берді Игорь Лепеха.

Игорь Лепеха кейбір елдерде мұндай бұзушылықтар үшін әдетте көліктер қамалатынын айтты. Алайда Қазақстан мұндай санкцияларды әлі қолдаған жоқ.

«Жауапкершілікті жеңілдету орынсыз деп есептеймін, өйткені біз мас жүргізушілердің кінәсінен жол-көлік оқиғаларының азайғанын байқамадық. Бұл 22 мың, шын мәнінде олардың көп екенін айтқым келеді. Бүгінгі таңда көліктерді тоқтату ережелері қатаң реттелгенін білесіздер. Ал жүргізуші жол ережесін бұзбаса, біз оны тоқтатпаймыз. Егер біз көптеген Скандинавия елдеріндегідей мақсатты рейдтер жүргізсек, бұл сан екі есе көп болар еді»,- деп қосты министрдің орынбасары. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар