Басты жаңалықтар
Салтанат қайтыс болған күні Байжанов телефон соққан дәрігер сотта жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2024
- 15.7k
Байжановтың сөзінше, ол дәрігерден «мас адамның ұзақ ұйықтауы қалыпты ма?» деп сұраған.
Астанада Жоғарғы сотта бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасып жатыр. Бұған дейін сол күні дәрігерге хабарласқанын айтқан Байжановтың куәлігі бойынша, дәрігер Ерсұлтан Сәрсенбаев шықырылды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұған дейін Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенова қаза тапқан күні дәрігерге қоңырау шалғанын айтқан болатын. Ол дәрігерден «мас адамның ұзақ ұйықтауы қалыпты ма?» деп сұраған-мыс. Оның бұл сұрағына дәрігер өзінің нарколог емес екенін, десе де алкогольден мас болу қауіпті екенін ескертіп, жедел-жәрдем шақыруға кеңес берген.
Байжановтың адвокаты одан «Байжановқа мүсәтір спиртін ал деген сіз бе?», деп сұрады. Куәгер оны жққа шоығарды.
Бишімбаев оған дәрігердің өзіне тікелей емес, Байжанов арқылы айтқанын жеткізді.