Жамбыл облысында 33 жастағы әйел өз өзіне қол жұмсап қайтыс болды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2024
- 685
Жамбыл облысында 33 жастағы әйел өз өзіне қол жұмсап қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы ВРЕМЯ сайтына сілтеме жасап.
Келіншектің артында 3 баласы қалған. Сараптама әлі жүргізіліп жатыр.
"Сараптамаларды жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот сараптама институтының сарапшыларына тапсырылды. Қазір полицейлер жан-жақты тергеу амалдарын зерттеп жатыр", – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Полиция департаменті іс "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қозғалғанын атап өтті. Сонымен қатар құзырлы орган мұны нақты кім жасағанын және марқұмның медицина қызметкерлерімен келіспеушілігі бар-жоғын анықтау қажет екенін айтады.
"Емдеу мекемесінде болған кезімде медицина қызметкерлерімен жанжал болған жоқ", – деп жауап берді Толқын Өмірбаева.
Келіншектің ұл балаға аяғы ауыр болған. Таяуда отбасы гендерлік кеш өткізіп, баланың жынысын жариялаған.
Аудандық аурухананың мәліметінше, марқұмның іші ауырғанына шағымданып, жергілікті гинекологқа хабарласқан. Кейін оны ауруханаға жатқызуды талап еткенін айтты. Перинаталдық орталықта онымен үш әйел бір бөлмеде жатқан. Әйелдердің сөзінше, сол бір қаралы күні марқұм күйеуімен қаржы мәселесіне байланысты жанжалдасып қалған. Диалогтың соңы осылай қайғылы оқиғаға ұласқанын айтады.