Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев пен Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Тоқаев пен Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегациясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Бейбітшілік және келісім сарайында өткен шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегациясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар