Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Семейде 6 жыл бойы жеңгетайлықпен айналысқан әжей 9 қызды саудалап келген

Семейде 6 жыл бойы жеңгетайлықпен айналысқан әжей 9 қызды саудалап келген
opennews.kz. Көрнекі сурет
Әрбір тапсырыстан ол орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алып отырған.

Семейде алты жыл жеңгетайлықпен айналысқан 62 жастағы зейнеткер әже жазаға тартылды, деп жазады KYN.KZ тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Әжей қаладағы сауналардың бірінде притон ұйымдастырып, әрбір тапсырыстан ол орта есеппен 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін алып отырған.

“Көп ұзамай ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Стоп-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында притонды әшкереледі. Тінту кезінде тәртіп сақшылары қолма-қол ақша мен басқа да заттай айғақтарды тәркіледі. Жеңгетай мен қызмет көрсетуші 9 қыз полиция бөліміне жеткізілді. Ресми мәлімет бойынша, қыздардың үшеуі – Қазақстан азаматы, алтауы – Өзбекстан азаматы. Барлығы есепке алынды”, – деп мәлімдеді Абай облыстық полиция департаменті.

Оған қылмыстық кодекстің 309-бабының 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Артынша зейнеткер 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Зейнеткер Абай ауданы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация есебіне алынды. Тағы ереже бұзатын болса, түрмеге тоғытылады. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар