Басты жаңалықтар
Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілері жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 сәуір, 2024
- 382
Бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін ұсынған болатын.
Қазақстан Ұлттық құрамасының Париж Олимпиадасына арналған киім үлгілеріне конкурс аяқталып, комиссия мүшелерінің шешімі бойынша 3 номинацияда («Спорттық форма», «Салтанатты спорттық форма», «Ту ұстаушылардың спорттық формасы») жеңімпаздар белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат порталы.
Бірінші кезеңде 15 қатысушы жұмыс материалдарын 15 сәуірге дейін ұсынған болатын. Екінші кезеңде 16-17 сәуір күндері ұсынылған жұмыс материалдарын арнайы комиссия қарады.
Жұмыс тобының қатарында 18 адамнан құралған Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстан спортшылары одағының өкілдері, белгілі спортшылар және БАҚ қызметкерлері болды.