Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Уайым басты": Балжан Бидаш су тасқынына қатысты жоспарын айтты

"Уайым басты": Балжан Бидаш су тасқынына қатысты жоспарын айтты
Stan.kz. Суретте: Балжан Бидаш
Әнші Қазыбек Құрайыштың ұсынысына бірден келіскен.

Эстрада жұлдызы Балжан Бидаш су тасқынына қатысты ойын айтып, барынша қолдау көрсетіп жүргенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Әнші Қазыбек Құрайыш су тасқыннан зардап шеккен ағайынға қолдау көрсетейік деп концерт туралы сөз бастағанда бірден келіскенін айтты.

"Себебі, осы наурыздың соңында алғаш жаңалық естігеннен елді де әрбірімізді де уайым басты. Сол апатты аймақтарда жүгіріп жүрген құтқарушыларға, дәрігерлерге, волонтерлар мен әскерилерге, бей-жай қарамаған баршаға осы ретте мың алғыс. Біздің біріккен күшіміздің қаншалықты екеніне, рухымыздың қаншалықты мықты екеніне көз жеткізіп жатырмын… лайым мықтылығымыз сынға түспесін", - деп жазды ол. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар