Алматыда полиция көлігінің мопет жүргізушісін қағып кеткен видеосы тарады
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 сәуір, 2024
- 492
Алматыда полиция қызмет көлігінің жолдың қарама-қарсы бағытына кенет бұрылып келіп, мопед жүргізушісін қағып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланған. Кадрда полицияның қызметтік көлігінің күтпеген жерден қарама-қарсы бетке жылдамдықпен бұрылғанын аңғаруға болады. Салдарынан жол бағытына шыққан мопед жүргізушісін қағып кеткен.
Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдіріп, жол-көлік оқиғасының Алматы қаласының Жетісу ауданында орын алғанын жеткізді.
“Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатып, белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде бұрылу маневрін жасады. Алдын ала жарқыраған маяктар мен дыбыстық белгіні қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне қозғалыс артықшылығын берді. Алайда, қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүрген мопед жүргізушісі заңның талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысты. Ол медициналық көмектен бас тартты. Жол көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, "Chevrolet" автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі”,- делінген хабарламада.