Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Юлия супер": Салтанат қайтыс болған күні Бишімбаевтың басқа қызбен жазысқан хаты оқылды

"Юлия супер": Салтанат қайтыс болған күні Бишімбаевтың басқа қызбен жазысқан хаты оқылды
Сотталушы бұл жеке хат алмасу екенін айтты. Ол оны жария етпеуді өтінді.

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты кезекті сот отырысы жалғасуда, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бүгін сот отырысында сотталушының телефонына қатысты тергеу жалғасты. Судья Салтанат қайтыс болған күні Бишімбаевтың басқа әйелдермен хат алысып тұрғанын анықтады, олардың бірі «Юлия супер» деп сақталған.

Сотталушы бұл жеке хат алмасу екенін айтты. Ол оны жария етпеуді өтінді. Бірақ процеске қатысушылардың талабы бойынша оқылды. 

Бишімбаев Юлия Супермен қандай қарым-қатынаста болғанына жауап бермеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар