Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әйелдің бақыты күйеуден деген сылтау": Айдарбекова ер адамдарға шүйлікті

"Әйелдің бақыты күйеуден деген сылтау": Айдарбекова ер адамдарға шүйлікті
Қыздардың тәрбиесіне алаңдаған ол, еркекті ер қылатын әйел деген сөзді тілге тиек етті.

Қайрат Нұртастың анасы, танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова instagram-парақшасында жазба қалдырды. Ол қыз-келіншектерді ажыраспауға шақырадв. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі хабарлайды. 

Қыздардың тәрбиесіне алаңдаған ол, еркекті ер қылатын әйел деген сөзді тілге тиек етті. 

“Сіздің жолыңызды берсін" деп, тұрмысқа шығып жатқан қыздар не ата-аналары ұсыныс тастап, шақыртулар алып жатамын. Шіркін, сол ниеттеріне, ұзатқан қыздарым ибалы, адал келін болып, үлкен әулетті отбасына айналсыншы, Алла” деп тілеумен жүремін. Алла менің де дұғамды қабыл етіп, сол ыстық ұясының шамшырағына айналуын жазсын! Осы тойда, ұзатқан қызымның қолы дірілдеп, көзіне жас келгенде өзім жылап қалдым, қарап тұрған елден ыңғайсызданып жұтынып әрең тұрдым”, – деді продюсер. 

Сондай-ақ қазіргі кезде ажырасу көбейіп кеткенін жазып, отбасын сақтауда әйелдің рөлі басым екенін айта кетті. 

“Соңғы кезде ажырасу көп, "өзіңді ғана жақсы көр" деп ақыл айтқыштар көбейіп кетті. Соларды тыңдап тек ажырасамынға бел байлап, мен сол сияқты әдемі болып та, байып та кетемін деген ұғыммен өмір сүреді. Біздің аналарымыз қандай болды десеңші, сол аналарымыздың арқасында бақытты балалық шағымыз мәңгілік сағыныш болып жүрегімізде қалды. Әйел адам өзін ғана ойласа, өмірге алып келген жазықсыз ұл-қызының бақытын кім ойлайды? Ер азаматты нағыз ер қылатын бірінші Алла болса, одан кейін тікелей сүйген жары екенін қыз-келіншектер ұғынса екен. Әйелдің бақытты болуы ата-енеден, күйеуінен деген – сылтау. Мүмкін сол әйелдің өзінен, дегенімді жасатамын, аяғыма жығылтамын деу – тәкаппарлық. Соның салдарынан нағыз ер мінезді азаматтар жоғалып барады. Әкенің әйеліне, ұл-қыздарына деген қатаңдығынан сескену ол – ұрпағымыздың дұрыс бағыт алуына әсері ең қажет тәрбие", – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар