“Бірнеше жігітіңіз бар ма? Ұят”: Собчак қазақстандық әйелдер өмірін сынады
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 сәуір, 2024
- 2.7k
Астанада өтіп жатқан Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысына ресейлік белгілі журналист Ксения Собчак қатысқан болатын. Ол қазақстандық әйелдердің көп жұмыс істейтінін, прогрессивті, тәуелсіз және дербес болуға ұмтылатынын айтты деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Собчак Бишімбаев ісіне қатысты сот процесіне өзін ешкім шақырмағанын мәлімдеді.
“Елде «ұят» деген ұғым бар. Осы ұғым аясында әйел консервативті нормалардан ауытқыса ұятқа қалуы мүмкін. Қысқа юбка киіп көшеге шықтыңыз ба? Ұят. Бірнеше жігітіңіз бар ма? Ұят! Күйеуің сені ұрса да одан кетіп қалдың ба? Ұят. Әрине, бұл моральдық зорлық – зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қосымша қысым жасайды,” - деп жазды журналист.
Оның сөзінше, Салтанат ісі қоғамға өзгеріс енгізеді.
“Бұл құбылыс бұрынғы ұғымды өзгертеді. Халықтың консервативті бөлігі әйелдерге бұрыннан әмір жүргізіп келеді. Енді, міне, бойжеткендер үй озбырларына қарсы күресу үшін бірігіп қана қоймай, арнайы заңның қабылдануына да қол жеткізді,” - дейді ол.
Сонымен қатар, азаматтық қоғам жеңіп жатқанын да айта кетті.
“Мүмкін біз тыныш төңкерістің куәсі болып жатқан шығармыз, азаматтық қоғам жеңіп жатыр, – деді Ксения Собчак.