Бишімбаев ісі бойынша бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың қорғаушысы Жанна Уразбахова Қуандық Бишімбаевқа сұрақтар қойып, жауап алды, деп жады KYN.KZ тілшісі..
Адвокат : Видео неге үзіліп кетті?
Бишімбаев: Сұрақ қойған кезде ғана оны видеоға түсірдім.
Адвокат: Сіз Нүкеновадан басқа ер адамдармен қарым-қатынаста болғанын сұрадыңыз ба? Неліктен оны басқа еркекпен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтуға мәжбүрледіңіз?
Бишімбаев: Мен оны қорлағым келді. Ол алты сағат бойы қалағанын істеп, мені сол жағдайға жеткізді.
Адвокат: Неліктен видеода қанның іздері пайда болды?
Бишімбаев: Ол жерге құлаған кезде пайда болды. Оны дәлізде ұрып-соққанда бір-ақ рет тамағынан қысып ұстадым.
Адвокат: Нүкенова тізерлеп отырған кезде видеода қан пайда болды. Кейінгі видеода қан жоқ. Қанды кім сүртті?
Бишімбаев: Қанды қағаз майлықпен сүртіп алдым.