“Ішкіш болды”: Дариға Бадықова әкесі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 сәуір, 2024
- 3.6k
Белгілі актриса, әнші Дариға Бадықова балалық шағын еске алды. Ол марқұм әкесінің қандай адам болғанын “Біздің подкаст” жобасында айтты.
Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен болған сұхбатта балалық шағы мен қиын кезеңдер туралы әңгімеледі.
"Біздің замандағы балалардың әкелерінің бәрі ішті. Менің әкем де ішетін. Әйел де ішеді, ер адам да ішеді. Ішкілікке салынған кезде бәрі ыдырайды, әр нәрсе берекесіздікке кетеді. ішкен тамақтың дәмі құриды. Әкемнің ішкілігінен зәру көрдім дегенде, мен енді әкем ішіп келіп, анамды келіп ұрып, бәрімізді ұйқыдан оятып алып, қыратын кезі болмаған енді. Әкем ішсе де, момын ішкіш болды. Ал ағайын-туыс, көршілерден көргенім де бар. Күйеуі ішіп келсе, әйелін ұрып, балаларының берекесін кетіріп жататын. Менің әкем ондай болған жоқ, бірақ ішті", – деді актриса.
Олжас Абай да актрисаның сөзіне қосылып, өз әкесі жайында да тілге тиек етті.
“90-жылдар барлық әке ішкен сияқты. Қоғам сондай еді. Менің әкем де ішті. Зәбір көріп, айқайлап, ұрысқанын да талай естідік. Бірақ мен көп жанында болмадым. Мектеп-интернатта өскендіктен, басқа бауырларым әкемнің мінезіне шыдады. Мен 11-сыныпқа дейін интернаттың тәрбиесін көрдім”, – деді балаалық шағын еске алған актер.