Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында педофилдің ісін қарау кезінде пара алған судья қамалды

Алматы облысында педофилдің ісін қарау кезінде пара алған судья қамалды
яндекс карта
Сот приставы сотталушыдан алған ақшаны судьяға жеткізуші болған.

Алматы облысы Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б.Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбековке қатысты үкім шығарды.

Судья сот приставының делдалдығымен жас баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан өту шарттарын өзгерткені үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбековке 20 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, сотталғандар мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар