Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, бұршақ, дауыл: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
ortcom.kz
Алматыда найзағай ойнап, күн күркірейді.

Қызылорда облысының орталығында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 25 сәуірде болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер ететін болады, найзағай мен жаңбыр жауады, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбырмен бұршақ жауады, Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, су қар), республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жел соғады. Елдің батысында, солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қызылорда облысының орталығында  және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында  жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күн 19-8 градус аралығында жылы болады.

Астанада күн райы бұлытты, ауа температурасы 10-1 аралығында жылы болады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар