Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жолы жөнделмеген алматылықтар телеграм бот арқылы өтініш жолдай алады

Жолы жөнделмеген алматылықтар телеграм бот арқылы  өтініш жолдай алады
kyn.kz
Ол үшін арнайы «Алматы жолы бот» чатына жағдайды түсіндіріп жазуыңыз керек.

Бар үміт — бот. Алматылықтар енді қаладағы жол сапасына қатысты шағымын телеграм-ботта қалдыра алады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Жаңа жүйе арнайы жол инфрақұрылымын жақсартуға арналған. Тұрғындардың шұңқырлар мен оны жөндеуге өтініші енді тиісті органдарға жетеді деген үміт бар. Шағымды жіберу үшін алдымен «Алматы жолы бот» чатын ашу қажет. «Старт» деген батырманы басып, өтініштің мәтіні мен жолдың фото-видеосын жібересіз. Жанына міндетті түрде мекенжай мен байланыс нөмірін қалдыру қажет. Өтініш өңделген соң, қала биілігі шара қабылданатынын айтып отыр.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар