Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Электронды темекі сататындар 5 жылға сотталуы мүмкін

Электронды темекі сататындар 5 жылға сотталуы мүмкін
Сондай-ақ, темекінің бұл түрін әкеліп, саудалағандарды 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартып, тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру да көзделіп отыр.

Енді вейп сататын кәсіпкерлерге жаза қатаң. Жаңа заңға сәйкес саудагер бірнеше рет заң бұзушылық жасаса 18 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

 

Сондай-ақ, темекінің бұл түрін әкеліп, саудалағандарды 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартып, тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру да көзделіп отыр. Ал, бұнымен кәсібінен нәсіп тауып отырғандар келіспейді. Олар дүкен жабылса, үлкен шығынға батамыз деп қапалы.

Электронды темекіні сатып еркін табыс тауып отырғанның бірі - алматылық Наргиз Ысқақова. Ол осыдан екі жыл бұрын несие алып, вейп дүкенін ашқан. Содан бері заңды түрде жұмыс істеп келеді. Бүгінде электронды құрылғыға сұраныс та жоғары дейді. Өзімен қоса 30-дан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Алайда, жаңа заң төбесінен жәй түсіргендей болыпты.

НАРГИЗ ЫСҚАҚОВА, жеке кәсіпкер:
– Осы кәсіпті ашу үшін қаншама қарызға кірдік, кредит алдық. Банктің алдында қаншама қарыздарымыз бар. Осы заң шыққанда, содан бастап тұрақты сатып алушылар уже мазалана бастады. Қай жақтан сатып алса болады, дүкендер жабылса қайдан ала аламыз деп. Біз қаншама электронды құрылғы сатып алдық. Оның бәрін 60 күнде сату – это невозможно. Сол себепті бұл заңды қайта қарауды өтінемін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар