Қонаевта блогерден қашқан прокурор жазаланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 сәуір, 2024
- 844

Блогерден қашқан Қонаев қаласының прокуроры жазаланды. Бұл оқиғаға қатысты тергеудің қорытындысын бас прокуратура жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
“Тексеру қорытындысы бойынша, видеода көрсетілген прокурорлар түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қашып бара жатқан прокурорды видеоға түсірген блогерлерді жауапқа тартуға шақырған болатын.
"Алматы облысының прокуратурасы видеоны түсірген блогерлердің жауапкершілігі туралы мәселе көтерген жоқ, алайда видеода көрсетілген қызметкерлер жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа өз бетінше жүгінуге құқылы", - деп қосты Бас прокуратураның кадр қызметі департаменті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025